Саясат

Грузия президенті айлығынан бас тартты

Грузияның жаңадан сайланған президенті Саломе ЗУРАБИШВИЛИ өз еңбекақысынан бас тартып, жеке қорын құрғысы келеді екен.

Грузия президенті айлығынан бас тартты
Бұл туралы Sputnik Georgia жазды. Зурабишвили бұл шешімін мемлекет басшысы ретінде өткізген тұңғыш баспасөз мәслихатында жеткізді.«Қазіргі күні президент қоры ескірді. Мен қайрымдылық пен басқа шараларға қатысу үшін қор ашудың жаңа формасын іздедім.  Франциядан зейнетақы аламын. Ол менің өз басыма жетеді. Сондықтан да айлығымды қорға салуды ұйғардым. Басқалар менің жолыммен жүреді деп ойлаймын», — деді Грузияның бесінші президенті.Мемлекет басшысының айтуынша, президент қорының жұмысы ашық жүргізіледі. Нені қаржыландыру керектігін көпшілік шешетін болады екен.Грузия тарихындағы тұңғыш әйел президент жуық араға дейін Грузия мен Францияның азаматы болып келген. Саясаткер 20 жыл Францияның СІМ-де түрлі лауазымды қызметтерді атқарды. Сайлауда 59,52 пайыз дауыспен жеңіске жеткен-ді. Ол өзінің алдағы атқаратын жұмыс жоспарымен де бөлісіп үлгерді. Президент Европалық Одақ пен НАТО-ға кіруге барын салмақ.Фото: tass.ru
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз