15:51, 28 Қазан 2024
Грузиядағы сайлауда ресейшіл «Грузия арманы» партиясы жеңіске жетті
Грузияның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлауда «Грузин арманы» жеңіске жеткенін хабарлады.
100% хаттамаларды өңдеу нәтижелері бойынша «Грузин арманы» 53,9% дауысқа ие болды, бұл оған парламенттегі көпшілік дауысқа ие болуға кепілдік береді, үкіметті өз бетінше құруға жеткілікті, бірақ Конституцияны өзгертуге жеткіліксіз.
Сондай-ақ, парламентке төрт негізгі оппозициялық партия келеді - 11,0% дауыс алған «Өзгеріс коалициясы», «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» (10,2%), «Күшті Грузия» (8,8%), «Гузия үшін Гахария» «(7,8%).
Ірі қалаларда «Грузин арманы» республикалық көрсеткіштен нашар нәтиже көрсетті (Тбилиси - 40%, Батуми - 49,7% Кутаиси - 47,3%), бірақ сонымен бірге барлық жерде бірінші орында болды. Шетелдегі сайлау учаскелерінде оппозиция жеңіске жетті; ол жақтағы сайлаушылардың 15 пайызы ғана билік партиясын қолдаған.