Журналист Гүлнара Бажкеноваға қатысты сот 26 маусымда басталады
Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнара Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы 26 маусымда өтеді.
Істі Алматы қаласының Бостандық аудандық №2 соты қарайды. Сот процесі онлайн форматта ұйымдастырылады.
Бажкеноваға бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, оған көрінеу жалған ақпарат тарату, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ ірі көлемде бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету айыптары тағылған.
Қорғау тарапының мәліметінше, сотта оның мүддесін мемлекет тағайындаған адвокат қорғайды.