09:19, 09 Ақпан 2024
Халықаралық ұйым Думан Мұхамедкәрімді босатуға үндеді
Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрімге «экстремизм» бойынша негізсіз айып тағылып отырғанын алға тартып, оны босатуға үндеді.
– Қазақстан билігі билікті сынап, бейбіт түрде жиналу құқығын жүзеге асырғысы келген тәуелсіз журналистің үнін тұншықтыруға тырысып жатыр. Қазақстан билігі Қылмыстық кодекстегі "экстремизм" түсінігін тарылтып, бұл айыптарды үкімет сыншыларына қарсы пайдалануын доғаруға тиіс, –Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия жөніндегі жетекші зерттеушісі Мира Ритман.
Еске саламыз, журналист Думан Мұхаммедкәрім «тыйым салынған ұйым ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» баптары бойынша күдікке ілініп, 7 жылға сотталған болатын.