Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:03, 04 Қараша 2024

Хасан Қасымбаевтың анасы мен әйелі президентке жүгінді

1
Фото: видеодан скриншот

Бүгін ұсталған Хасан Қасымбаевтың туыстары  Қонаевтағы Алматы облыстық полиция департаментіне барып, президентке Хасан Қасымбаевтың кінәсіз екенін айтып, үндеу жолдады.

Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова Тоқаевқа ұлының кінәсі жоғын айтып көмек сұрады. 

"Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, ұлымның ісін өз бақылауыңызға алып, әділ шешім шығаруыңызды сұраймын. Ол кінәлі емес. Баламды жазықсыздан жазықсыз қаралап отыр. Ешқандай кінәсі жоқ. Департаментке сол үшін келіп отырмын. Сол кісілерден жауап күтемін", – дейді Қасымбаевтың анасы

Ал,  Хасан Қасымбаевтың жұбайы Зульфия да күйеуінің жазықсыз екенін айтты. 

"Үйленгенімізге 15 жылдан асты, үш баламыз бар. Әлеуметтік желіде Хасан туралы жалған ақпарат көп. Оның рас па, жоқ па, ешкім тексермейді. Қазір балаларымызға қаттыпсихологиялық қысым түсіп жатыр. Кімнің тапсырысы екенін білмейміз. Оның "ОПГ"-ға ешқандай қатысы жоқ. Шағын бетон зауыты бар. Бізде басқалар сияқты несиемен өмір сүріп келе жатырмыз".

Айта кетейік, бүгін Талғардағы қылмыстық топтың жетекшісі деп айтылып келе жатқан Хасан Қасымбаевтың қсталғаны белгілі болды. Бірақ ол Шерзат оқиғасына байланысты емес  2021 жылдың маусым айында жасалған азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру және ұрлау фактісі бойынша күдікке ілінген.