ICC Израиль үкіметінің басшыларын қамауға алу туралы ордер берді
Халықаралық қылмыстық соттың (ICC) бас прокуроры Карим Хан Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант пен ХАМАС ұйымының үш жетекшісін қамауға алу туралы ордер беруді талап етті, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.
Бұл Хамас әскери қанатының қолбасшысы Мұхаммед Дейф, қозғалыстың саяси қанатының жетекшісі Исмаил Хание, сондай-ақ 2023 жылғы 7 қазандағы шабуылды ұйымдастырушы деп аталатын Яхья Синвар.
ХАМАС жетекшілері адам өлтіру, барымтаға алу, зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық, азаптау, қатыгездік көрсету және адамдық ар-намысты бұзу сияқты адамзатқа қарсы қылмыстар үшін жауапты, делінген прокурор Карим Ханның мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, Йоав Галлант пен Беньямин Нетаньяху аштықты соғыс әдісі ретінде пайдалану, денеге қасақана зиян келтіру, қасақана кісі өлтіру, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасау және адамзатқа қарсы басқа да қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны айтылған.
Фото: ICC