ІІМ-нің қызметкерлеріне президент кітаптарын оқу міндеттелді
Енді Тәжікстан ІІМ-нің қызметкерлері білімді болмақ. Олар бос уақытта кітапханаға барып көркем әдебиет оқулары тиіс.
Оқығандарын кварталына сайын арнайы сынақта айтып береді. Сондай-ақ, тәжік милициясы президент Эмомали РАХМОННЫҢ да кітаптарын оқуға мінтетті. Бұл туралы Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон РАХИМЗОДА мәлімдеді.Азаттық радиосының тәжік қызметінің хабарлауынша, кітапханалар ішкі істер басқарамалары мен бөлімдерінде ашылады. Милиция қызметкері кітапханаға бос уақыттарында бару керек.«Әр ай сайын есеп беріліп отырады. Кім қандай көркем шығарманы оқығаны туралы. Авторы кім, қай баспадан шықты дегендей», — деп түсіндіреді жаңа өзгерістерді милиция полковнигі Назар САМИЕВ. Кітапханадан бөлек тәртіп сақшылары орыс және ағылшын тілін үйренуге де уақыт табу керек. Туристтерге қызмет көрсету үшін тіл білулері қажет екен. Айтпақшы, бұған дейін тәжік милициясына ет женділіктен құтылу міндеттелген еді. Фото: xabar.uz