Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келіссөз өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келіссөз өткізді.
7 қарашада Астанада Қазақстан президенті Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар, су ресурстарын пайдалану, энергетика және аймақтық қауіпсіздік мәселелері қаралды.
Ақорданың хабарлауынша, тараптар өзара сауда айналымын 2 миллиард долларға жеткізу жоспарын талқылаған. Осы мақсатта 2030 жылға дейінгі ынтымақтастық жөніндегі жол картасы қабылданған.
Келіссөздің тағы бір тақырыбы трансшекаралық су ресурстарын пайдалану болды. Президенттер су қорын есепке алу, мониторинг жүргізу және осы саладағы цифрлық жүйелерді дамыту мәселелеріне тоқталған.
Сонымен қатар электр энергетикасы, мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі және металлургия салаларындағы бірлескен жобалар талқыланды. Көлік және логистика бағытында теміржол мен автомобиль тасымалдарын дамыту мәселесі көтерілді.
Кездесуде әскери ынтымақтастық та сөз болды. Атап айтқанда, Тәжікстанның әскери және шекара қызметі мамандарын Қазақстанда даярлау мәселесі қаралған.
Аймақтық қауіпсіздікке қатысты тараптар Орталық Азиядағы жағдай мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстан Тәжікстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2028–2029 жылдарға арналған тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді.
Келіссөз қорытындысында екі елдің делегациялары 14 құжатпен алмасты. Олардың қатарында экономикалық және салалық ынтымақтастыққа қатысты келісімдер бар.