Қоғам

Imam AI: Енді «цифрлы имамға» сұрақ қоюға болады

Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін Imam AI атты мобильді қосымша мамыр айында іске қосылмақ.

цифрлы имам

Жоба азаматтардың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, тексерілген дереккөздерге сүйенуге бағытталған.

Бұл, ең алдымен, дін қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтады.

Imam AI қосымшасы жасанды интеллект көмегімен жамағаттың сұрақтарына жедел жауап беріп, тек беделді әрі сенімді діни дереккөздерге сүйенетін болады.

ҚМДБ өкілдерінің пікірінше, жаңа қосымшаның іске қосылуы діни кеңес алудың қолжетімділігін арттырып, сенімді ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетеді. Сонымен қатар, бұл бастама халықтың рухани ағартылуына қосымша мүмкіндік береді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз