Әлеумет

Ирактағы қарулы топ Трампты өлтірген адамға 10 миллион доллар сыйақы ұсынды

Ирактағы «Ирактағы исламдық қарсылық» (Islamic Resistance in Iraq) атты проирандық қарулы топ АҚШ президенті Дональд Трампқа қастандық жасаған адамға 10 миллион доллар сыйақы тағайындағанын мәлімдеді.

Трамп

Бұл туралы Shafaq News басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, ұйымның мәлімдемесінде бұл қаражат қозғалыс содырлары мен жақтастарының ерікті қайырымдылықтары есебінен жиналғаны айтылған. Қарулы топ бұл шешімін Трамптың жуырда ирандық генерал Касем Сүлеймани мен Ирактағы халықтық жасақ қолбасшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандистің жойылуына қатысты мәлімдемелеріне жауап ретінде қабылдағанын жеткізген.

Касем Сүлеймани мен Әбу Махди әл-Мухандис 2020 жылдың қаңтарында Бағдадта АҚШ-тың дроны жасаған соққы салдарынан қаза тапқан болатын.

Shafaq News жазуынша, АҚШ президенті Ирак премьер-министрі Әли әз-Заидимен кездесуі кезінде 2020 жылғы операциядағы өз рөлін де еске алған. Осыдан кейін әл-Мухандистің отбасы Трамптың мәлімдемесін де, Ирак премьерінің ұстанымын да сынға алған.

Қарулы топтың мәлімдемесі Трампқа қарсы ықтимал қастандық дайындалып жатқаны туралы ақпараттар аясында жарияланды. Бұған дейін CNN Израиль АҚШ-қа Иранның Трампты өлтіру жоспары болуы мүмкін деген барлау мәліметтерін бергенін хабарлаған. Алайда телеарнаның мәліметінше, АҚШ билігі әзірге бұл ақпаратты тәуелсіз түрде растай алған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз