14:19, 15 Қазан 2024
Iran Air әуе компаниясы санкцияларға байланысты Еуропаға рейстерін тоқтатты
Еуропалық Одақтың Иран режиміне қарсы жаңа санкцияларынан кейін Iran Air әуе компаниясы Еуропаға рейсін тоқтатты.
Euronews мәліметінше, Имам Хомейни әуежайынан еуропалық бағыттарға рейстердің тоқтатылуы туралы мәтіндік хабарламалар келгенін хабарлады. Әуежай Тегеран-Париж рейсінің тоқтатылғанын растады.
Жолаушылар рейстің неліктен тоқтатылғанын сұрағанда, әуе компаниясы мұның себебі ЕО-ның әуе компаниясына қарсы санкцияларына байланысты екенін хабарлады.
Дүйсенбі күні Еуропалық Одақ Иранның жеке және заңды тұлғаларына қарсы жаңа шектеулер енгізіп, Иран Air, Mahan және Saha әуе компанияларын санкциялар тізіміне қосты.
Санкциялар Air N зымыран бағдарламасына қатысы бар компаниялар мен жеке тұлғаларға бағытталған.
«IranAir», «Mahan» және «Saha» әуе компаниялары бұған қатысты ресми түрде хабарлама таратқан жоқ.