Әлеумет

Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазы бойынша ядролық мәселені айналып өтетін жаңа ұсыныс жасады

Иран АҚШ-пен келіссөздегі тығырықтан шығу үшін Пәкістан арқылы жаңа бастама жолдады. Бұл туралы Axios хабарлады.

Трамп

Ұсыныстың басты ерекшелігі — ядролық бағдарламаны уақытша шетке ысыру. Тегеран алдымен Ормуз бұғазы арқылы теңіз қатынасын қалпына келтіру және соғысты тоқтату туралы келісуді ұсынады. Ал ядролық келіссөздерді кейінге қалдыру көзделген.

Бастама аясында атысты тоқтату режимін ұзақ мерзімге ұзарту немесе оны тұрақты келісімге айналдыру қарастырылған.

Бұған ұқсас форматтар — 14 немесе 45 күндік уақытша бітім — наурыз–сәуір айларында да талқыланған. Алайда сол кезде Иран санкцияларды алып тастау және елді қалпына келтіруге кепілдік талап етіп, мұндай ұсыныстардан бас тартқан еді.

 Тараптардың ұстанымы әлі де әртүрлі. Вашингтон теңіздегі еркін қатынасты қамтамасыз етуді, Иранның байытылған уран қорына қатысты мәселені шешуді, сондай-ақ зымыран бағдарламасы мен аймақтық қарулы топтарды қолдауын тоқтатуды талап етеді. Ал Иран өз ықпалын сақтап қалуға тырысып отыр.

Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз