Саясат

Иран АҚШ-тың бітім туралы ұсынысын қабылдамады

Иран АҚШ президенті Дональд Трамптың уақытша атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамады. Бұған басты себеп – Ормуз бұғазының мәртебесіне қатысты келіспеушілік болды, деп хабарлайды The New York Times.

АҚШ пен Иран

Басылым мәліметінше, Вашингтонның ұсынысын Тегеранға Ирак премьер-министрі Әли әл-Заиди жеткізген. Ұсыныстың нақты мазмұны жарияланбағанымен, ирандық шенеуніктер бұл келіссөз үстеліндегі жалғыз ресми нұсқа болғанын айтқан.

Алайда Иран уақытша бітімге келіспеді. Себебі ұсыныс Ормуз бұғазын бақылау мәселесін қамтымаған. Тегеран бұл түйткілді уақытша атысты тоқтатудан бөлек емес, жан-жақты келісімнің бір бөлігі ретінде қарастыру қажет деп санайды.

Бұған дейін Reuters агенттігі араағайындар Иранға 10 күндік уақытша бітім жасауды ұсынып, осы аралықта тараптарды келіссөзге қайта отырғызуды көздегенін хабарлаған болатын.

АҚШ Ормуз бұғазы арқылы халықаралық кеме қатынасының еш кедергісіз жүруін талап етіп отыр. Ал Иран бұл мәселені жеке қарастырудан бас тартып, оны кең ауқымды саяси келісім аясында шешу керек деген ұстанымда.

The New York Times мәліметінше, Иран әскері АҚШ Тегеранға және стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдарға жаңа соққы жасайтын болса, қақтығыс ауқымының кеңеюіне дайындалып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз