Саясат

Иран АҚШ-тың кейінгі бейбіт ұсынысына жауап берді

Иранның жауап ұсынысы 14 тармақтан тұрады. Онда «соғысты тоқтату және Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мәселелері қарастырылған.

Иран мен АҚШ

Иран пәкістандық делдалдар арқылы АҚШ-қа Вашингтонның қақтығысты реттеу жөніндегі соңғы ұсынысына жауабын жолдады. Бұл туралы IRNA және Tasnim агенттіктері хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, қазіргі келіссөздер негізінен аймақтағы әскери әрекеттерді тоқтату мәселесіне бағытталған.

Иранның жауап ұсынысы 14 тармақтан тұрады. Құжатта «соғысты аяқтау және Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазында кеме қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» қарастырылған.

АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолц Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздердің жалғасып жатқанын растады. Алайда оның айтуынша, «процесс күтілгеннен баяу жүріп жатыр».

Пәкістанның Ресейдегі елшісі Файсал Нияз Термизинің пікірінше, Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздердегі маңызды өзгеріс АҚШ президенті Дональд Трамптің 14-15 мамыр күндері Қытайға сапары алдында болуы мүмкін.

«Қазіргі процесс үлкен үміт сыйлап отыр және бұл жақын арада жүзеге асады», – деді ол.

8 сәуірден бері Иран мен АҚШ арасында атысты тоқтату режимі күшінде. Осы уақыт ішінде тараптар түпкілікті бейбіт келісімге келуі тиіс. Дональд Трамптың сөзінше, Иран билігі ядролық қаруға ие болудан бас тартуға келісім берген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз