Иран АҚШ-тың Кувейт пен Бахрейндегі әскери базаларына соққы жасады
АҚШ тарапының мәліметінше, шабуыл салдарынан америкалық әскери қызметкерлер арасында қаза тапқандар жоқ, сондай-ақ нысандарға айтарлықтай зиян келмеген.
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) бұл шабуылды АҚШ-тың бейбіт келісімді бұзуына жауап деп түсіндірді.
«АҚШ-тың соққылары атысты тоқтату туралы келісімді бұзды және дипломатиялық процестің толық тоқтауына алып келеді», – делінген ИРСК мәлімдемесінде.
Сондай-ақ ИРСК Таяу Шығыстағы америкалық әскери базалар «алдағы күндері тозақты бастан кешіреді» деп ескертті.
Тегеран бұған қоса Вашингтонды Ливандағы атысты тоқтату режимін сақтауға қатысты міндеттемелерін орындамады деп айыптады. Бұл елде Израиль мен «Хезболла» арасындағы қақтығыстар жалғасып жатыр.
Осы ретте Израиль Ливанның оңтүстігіндегі Набатия провинциясындағы Набатие әл-Фавка елді мекеніне соққы жасады. Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) операцияның мақсаты өз күштеріне қауіп төндірді делінген күдікті содырлар болғанын мәлімдеді.
Ал «Хезболла» жетекшісі жұма күні жасалған кезекті бейбіт келісімді мойындамайтынын мәлімдеді.