Без Категории

Иран британиялық мұнай танкерін босатты

Британиялық Stena Impero мұнай танкері 27 қыркүйекте Иранның Бендер-Аббас портынан Ормуз бұғазына қарай шықты.

Иран британиялық мұнай танкерін босатты

Бұл туралы халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Танкерді шілдеде Иран әскерилері басып алған еді. 23 қыркүйекте Иран билігі экипажға қатысты тергеу аяқталған соң ғана Stena Impero танкерін жіберетінін мәлімдеген.

19 шілдеде Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының теңіз күштері танкерді ұстап, портқа әкелген. Тегеран танкер халықаралық теңіз шекарасын бұзды деп айыптаған. Бортта 23 экипаж мүшесі болған. Олардың арасында Ресей, Латвия, Үндістан, Филиппин азаматтары бар.

Бұл оқиға Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырып жіберген. Ал 4 шілдеде Гибралтар АҚШ билігінің сұрауымен Иранның "Грейс 1" танкирін ұстаған. АҚШ Иран танкері халықаралық санкцияларды айналып өтіп, Сирияға мұнай тасымалдады деп айыптаған. Тамыздың ортасында Гибралтар Иранның мұнай танкерін босатқан.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз