Қоғам

Иран Ормуз бұғазын уақытша жапты

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қозғалысын толықтай уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.

Ормуз

Ислам революциясы сақшылар корпусының хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл теңіз бағытымен ешбір кеменің өтуіне рұқсат берілмейді. Сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы жүруге әрекет жасау қауіпті болуы мүмкін екені ескертілді.

Тегеранның мәлімдеуінше, бұл шектеулер АҚШ аймақтағы араласуын тоқтатқанға дейін күшінде болады. Бұдан бөлек, Иран кемелерге Оман жағалауы арқылы өтетін балама бағыттарды да пайдаланбауға кеңес берген.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазының коммерциялық кеме қатынасы үшін ашық екенін мәлімдеген болатын. Ал АҚШ Қарулы күштері өңірдегі маңызды теңіз дәлізінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге дайын екенін хабарлаған еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз