Қоғам

Иранда хиджабсыз өнер көрсеткен әншіге 74 рет дүре соғу жазасы тағайындалды

Иранда 29 жастағы әнші Парасту Ахмади мен оның командасының төрт мүшесіне 74 дүре соғу жазасы тағайындалды.

Парасту Ахмади

Бұған 2024 жылғы желтоқсанда Құм қаласының маңында өткен онлайн-концерт себеп болған. Өнер иесі сахнаға хиджабсыз шыққан. Жалпы, сот үкімі тоғыз адамға қатысты шығарылған.

Құм провинциясының соты оларды әдепсіз деп танылған контент таратқаны үшін кінәлі деп таныған. Дүре соғудан бөлек, сотталғандарға екі жыл бойы елден шығуға және шығармашылықпен айналысуға тыйым салынған.

2026 жылғы қыркүйекте апелляциялық сот алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Amnesty International құқық қорғау ұйымы сот шешімін айыптады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз