Без Категории

Израильдің Газадағы түнгі шабуылдарынан 29 палестиналық қаза тапты

Израиль армиясы Газаның әртүрлі аймақтарына соққы берді, нәтижесінде 29 палестиналық қаза тапты.

в

"Кешеден бастап түн бойы жалғасқан шабуылдар, соның ішінде солтүстіктегі «Джабалия» босқындар лагерін, Газаны, оңтүстіктегі Хан-Юнус қаласын және орталық бөліктегі «Нусайрат» босқындар лагерін нысанаға алды.

«Камаль Адуан» ауруханасының деректеріне сәйкес, Джабалиядағы Аль-Фалука ауданында тұрғын үйге жасалған соққы нәтижесінде 4 адам, ал Газадағы Аз-Зейтун ауданында 3 палестиндік қаза тапты.

Ал, Палестиналық WAFA агенттігінің мәліметіне сәйкес, Хан-Юнусдағы Бани Сухейла ауданында босқындар тығылған үйге жасалған соққы нәтижесінде 10 адам, ал Аль-Фухари қаласында 7 адам қаза тапты.

«Нусайрат» босқындар лагерінің батысындағы тұрғын үйге жасалған соққының нәтижесінде 5 адам қаза тапты.

Тегтер: Израиль
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз