Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:14, 01 Тамыз 2024

Қадыров қызына «хиджабын шеш» деген адамды атып тастайтынын айтты

в
Фото: Александр Миридонов, Коммерсантъ

Шешенстан әйелдің бетін жауып тұратын паранжа киюге қарсы, бірақ хиджаб киюге қарсы емес, деп мәлімдеді аймақтық үкімет отырысында республика басшысы Рамзан Қадыров.

Оның ойынша, хиджаб киюге қарсы шыққандар – Исламның жаулары. Қадыров Шешенстанға әртүрлі дінді ұстанатын көптеген қонақтар келетінін атап өтті.

«Бізді [тұрғындарымыздың] киім үлгісі алаңдатады. Орамал тағуға шақырамыз, ол үшін жазаламаймыз. Ал хиджаб кимеу керек дегендер Исламның жаулары. Біз бетті жауып тұратын паранжа киюге қарсымыз», - деді Қадыров.

Сондай-ақ ол қызына хиджабын шеш дегендерді өлтіруге уәде берді.

«Кімде-кім менің қызыма хиджабты шеш деп айтса, мен оны дереу өлтіремін, кім болса да атып тастаймын. Бұл жау, менің жеке жауым, исламның жауы», - деді Шешенстан басшысы.

Осы сәтте видеода Қадыровтың қызы, Республика Үкіметі төрағасының орынбасары Айшат Қадырова бейнеленген.