Без Категории

Канберра: Иран австралиялық ерлі-зайыпты блогерлерді босатты

Австралия үкіметі Иранда "тыңшылық жасады" деп айыпталып, ұсталған австралиялық ерлі-зайыпты блогерлердің бостандыққа шыққанын хабарлады.

Канберра: Иран австралиялық ерлі-зайыпты блогерлерді босатты

Австралияның сыртқы істер министрі Мэрис Пэйн Тегеранмен "өте нәзік мәселелер" бойынша келіссөзден кейін блогерлер Марк Фиркин және Джоли Кингтің босатылғанын айтты. Шілде айынан бері Тегерандағы Эвин түрмесінде отырған екі блогерге тағылған айыптар алынған.

"Иранда тұтқындалған тағы бір Австралия азаматы қамауда қалды" деді Пэйн.

Қыркүйек айында Иранның мемлекеттік Mizan агенттігі Фиркин мен Кингке "әскери нысандарды дронмен түсірді" деген айып тағылғанын хабарлаған.

Соңғы екі жыл бойы ерлі-зайыпты блогерлер әлеуметтік желіде саяхат жайлы жазбаларын үздіксіз жариялап келген. Бірақ шілде айында ұсталғаннан кейін аккаунттары үнсіз қалды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз