Қоғам

«Қапланбек» өткізу бекетінде Өзбекстанға өтетіндер кезек күтіп қалған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қапланбек өткізу пункті маңында Өзбекстанға өтуді күтіп тұрған адамдардың көбейгенін хабарлады.

Шекара

Ведомство мәліметінше, бұл жағдай көрші ел аумағындағы Новои өткізу пункті тіркеу жүйесіндегі техникалық іркілістерге байланысты туындаған.

Қазақ тарапының өткізу бекеті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта ешқандай шектеу енгізілмегені айтылды.

Сонымен қатар шекара қызметтері арасында өзара іс-қимыл ұйымдастырылған. Өзбекстан тарапы ақауларды жою және өткізу бекетінің толық жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Шекара қызметі азаматтарға сапарларын жоспарлау кезінде осы жағдайды ескеруге кеңес берді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз