Оқиғалар

Қапшағайда суға батып бара жатқан адамды құтқармақ болған жігіт қаза тапты

22 шілдеде Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Козятинский Қапшағай су қоймасында суға батып бара жатқан демалушыны құтқаруға ұмтылған кезде қаза тапты.

су

Қайғылы оқиға туралы Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Бұл әрекет нағыз ерліктің, жанқиярлықтың және азаматтық қадір-қасиеттің үлгісі. Шешуші сәтте Андрей бейжай қалмай, өз қауіпсіздігін ойламастан, қиындыққа тап болған адамға көмекке ұмтылды. Мұндай қадамға тек жүрегі кең, мінезі мықты адам ғана бара алады», - деп жазды әкім.

Сондай-ақ әкім Қонаев тұрғындарының атынан марқұмның әкесіне, бауырына және туған-туыстарына көңіл айтып, Андрей Козятинскийдің ерлігі ел жадында сақталатынын жеткізді

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз