Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:47, 14 Мамыр 2024

«Қарағанды көктемі» фестивалі өтті

1
Фото: ашық дереккөз

Бұл шара Облыс әкімдігінің қолдауымен 2-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып өткізіліп отыр. 

2023 жылы Қарағанды қаласында алғаш рет «Қарағанды көктемі» республикалық фестивалі өткізілді. 

Мақсаты: Арқаның төрінде талантты жастардың басын құрап, бүгінгі әдебиеттің бағытын талқылау. Сонымен қатар, қарағандылық жас ақын-жазушылардың әлеуметтік мәселелерін көтеру. Жастардың шығармашылығын қолдау және жаңа серпін беру.

Фестивальға келесідей ақындар арнайы шақырылды: Ekber Qoşalı (Әзербайжан), Yılmaz Okuklu (Түркия), Selim Yuhay (Түркия), Хосият Рустамова (Өзбекстан), Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Жайлыбай, Светқали Нұржан, Шаһизада Әбдікәрімов, Сұраған Рахметұлы, Ғазиз Ештанаев, Серік Елікбай, Бауыржан Бабажанұлы, Маралтай Райымбекұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, Бағдат Мүбәрак, Танакөз Толқынқызы, Қалқаман Сарин, Сағыныш Намазшамова, Ербол Алшынбай, Айжан Тәбәрік, Мирас Асан сынды ауыздығымен алысқан алапат ақындар.

Биылғы жылы «Қарағанды көктемі» фестивальі 15-16 мамыр аралығында 2 күн өткізілетін болады. 

Фестиваль бағдарламасы:

09:30 - да Фестивальдің салтанатты ашылуы.

10:30-да “Креативті индустриядағы қаламгердің рөлі, интелектуалдық меншікті тиімді сату жолдары” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

14:30 - да ақындар кенді өлкенің тірлігімен танысу үшін Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің шахта мұражайына саяхаттайды. 

18:00 - де С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында “Қарағанды көктемі” атты жыр кеші ұйымдастырылады.
2024 жылғы «Қарағанды көктемі» фейстивалінің мақсаты: аға буын мен жас буын арасында рухани байланыс орнату. Аймақтың рухани әлеуетін арттыру. Тоқсан жылдық тарихы бар Қарағанды қаласының имиджіне оң ықпал ету, руханиятына серпін беру. Бұл шара аясында әдебиеттің бүгіні мен ертеңі, креативті экономикадағы әдебиеттің мүмкіндігі жан-жақты талқыланбақ.

Аталған шараға арнайылап: Ұларбек Нұрғалымұлы, Нұрдос Кәрім, Маралтай Райымбекұлы, Арайлым Мұратәлиева, Олжас Қасым, Мерей Қарт, Мерген Тоқсанбай, Толқын Қабылша, Роза Аспан секілді талантты ақындар шақырту алды.

Бұл фестиваль Қарағанды облысының рухани имиджіне ерекше серпін беретіні сөзсіз.

Тегтер: