Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:31, 22 Наурыз 2024

Қарағанды облысы Наурыз мейрамын атап өтіп жатыр

1

Қарағанды облысында Наурыз мерекесі ауқымды, жарқын, тату және көңілді аталып өтілуде.

Барлық қалалар мен аудандарда концерттермен, ұлттық салт-дәстүрлермен, спорттық жарыстармен бұқаралық шаралар өтіп жатыр.

1

Көктемгі күн мен түннің теңелуімен бірге келген шуақты, жылы ауа-райы да халықты қуантты.

Қарағандының орталық саябағында мерекеге мыңдаған адам жиналды. 

Көбісі отбасымен келді.

1

Концерттік бағдарламаны кәсіби және әуесқой әртістердің қатысуымен "Құс қанатындағы Наурыз" атты театрландырылған қойылым ашты. 

1

Дәстүрлі кейіпкерлердің қатысуымен Жер-Ана мен Қыдыр-Ата көктемнің келуін көрсетті.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Ернар Сәдірбаев, Бауыржан Исаев өз өнерлерімен қуантты.

1

– Наурыз мейрамы біздің ең бақытты мерекеміз болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, өркендеу, бар жақсылық тілеймін! – деп қарағандылықтарды облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады.

Мерекелік алаңда кез-келген талғамға арналған ойын-сауық, әркім өз қалауы бойынша қызықты шараларға қатыса алады.

Киіз үйлерде шеберлік сабақтарына қатысуға, халық тарихына енуге, ұлттық тағамдармен танысуға болады.

Қолөнершілердің шатырларында жергілікті қолөнер шеберлері бұйымдарын көрмеге қойды.

1

Балалар мен жастар үшін алтыбақан орнатылды.

1

Аңшы иттер және аңшы құстармен суретке түсуге болады.

Сондай-ақ, спорттық жарыстар өтеді, онда барлық ниет білдірушілер күш пен ептілігін сынға сала алады.

1

Қарағандылық Аслан Серәлімов гірді 115 рет көтере алды.

– Мен 35 жастамын, жеке кәсіпкермін. Жас кезімде әртүрлі спорт түрлерімен айналыстым. Бүгін мен еш дайындықсыз келіп, жарысқа қатыстым. Мен бір ай бұрын үйлендім, бізді жұбайымызбен құттықтау үшін үйде қонақтарымыз жиналды. Олардың кейбіреулері саябаққа келді, – деп бөлісті палуан. – Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Әр шаңыраққа бақыт, игілік тілеймін!

Мерекеге шетелдіктер де келді.

1

– Наурыз құтты болсын! – деп қарағандылықтарды қазақша Нигериядан, Кадуна қаласынан келген қонақ Эмануэль Зака құттықтады. – Мен мұндай мерекеде бірінші рет болып отырмын. Барлығы ұнайды: қала да, адамдар да мейірімді, жылы шырайлы.

Бұқаралық ойын-сауық жалғасуда.

1

Облыс орталығында тұрғындарға ыңғайлы болу үшін мерекелік шаралар әртүрлі алаңдарда дайындалды: Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптау саябақтарында, Оңтүстік-Шығыстағы Достық Үйінің жанында. "Шахтер" стадионында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Кешке орталық саябақтағы сахнада танымал қазақстандық әнші Ayree өз хиттерін орындайды.