Қоғам

Қарағанды облысында есірткі курьерінен 287 орама мефедрон тәркіленді

Балқаш қаласының полиция қызметкерлері жедел ақпарат негізінде жүргізілген іс-шара барысында есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Теміртау қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде оның жанынан есірткіге тән иісі бар зат салынған 139 орама табылды. Күдіктінің жеке заттарын одан әрі қарау барысында тағы 110 орама анықталды.

Сонымен қатар полицейлер жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде жасырын орындардан қосымша 38 орама тәркіленді. Осылайша заңсыз айналымға шығарылмақ болған жалпы саны 287 орама есірткі заттары қолға түсті. Күдіктіден екі телефон да тәркіленді. Олардың ішіндегі хат алмасуларды зерделеу барысында "жетекшісінен" берілген нақты нұсқаулар анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың мефедрон екені расталды. Оның жалпы салмағы 300 грамнан асты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз