Оқиғалар

Қарағанды облысында теміржол қызметкерін пойыз қағып кетті

Қарағанды облысындағы «Жаңа-Қарағанды» станциясында қайғылы оқиға болды. 3 мамыр күні сағат 02:03 шамасында пойыз жол жөндеушіні қағып кеткен.

Теміржол

Машинист тежегішті шұғыл қолданғанымен, пойызды уақытында тоқтата алмаған.

Оқиға салдарынан 1977 жылы туған, 4-разрядты жол монтері қаза тапты. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол сол сәтте құрал-жабдықтарды күзетіп тұрған. Марқұмның теміржол саласында 28 жылдан астам еңбек өтілі болған. Ол отбасылы, үш баланың әкесі, олардың екеуі кәмелетке толмаған. Балаларының бірінің мүгедектігі бар екені айтылды.

Көліктегі полиция департаменті аталмыш деректі растады. Ведомство мәліметінше, 3 мамыр күні қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу және абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Polites.news басылымының мәліметнше, мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына жедел түрде арнайы комиссия жіберілген. Оның құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бас инженері, компаниядағы еңбек қауіпсіздігіне жауапты Рамазан Садырқұлов бар.

Компания басшылығы бұл жағдайды ерекше бақылауға алған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз