Оқиғалар

Жамбыл облысында мұғалім мектеп оқушысына күш қолданды деген күдікпен ұсталды

Педагогтің бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.

мектеп

Мұғалімнің айтуынша, оқиға шамамен бір жыл бұрын болған. Ол сол кезде эмоциясын игере алмай қалғанын мойындап, өзінің әрекеті үшін баланың анасынан кешірім сұрағанын жеткізді. Тергеу басталғаннан кейін педагог тағы да көпшілік алдында кешірім сұраған.

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта бала қауіпсіз жерде. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сонымен қатар, оқиға мұғалімнің айтуынша, шамамен бір жыл бұрын болғанына қарамастан, оның не себепті дәл қазір ұсталғаны әзірге белгісіз. Бұл мәселе тергеу барысында нақтыланбақ. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз