Әлеумет

Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

16 сәуір күні шамамен сағат 21:00-де Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ағадырь кентінде бір бағытта қозғалған екі мотоциклдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

П

Апат салдарынан 37 және 17 жастағы мотоцикл жүргізушілері оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Әсіресе, мотокөлік басқару кезінде қорғаныс құралдарын – шлем мен арнайы жабдықтарды міндетті түрде пайдалану қажеттігі ескертілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында тас жолда болған апат салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз