Аймақ

Қарағандыда бір күнде мың терек егілді

Қарағандыда бір мың терек егілді: Ә. Бөкейхан атындағы ауданның Қазақстанның 50 жылдығы саябағына пирамидалы теректер көшеті егілді.

1

 Жасыл желектерді егу "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында жалғасты. Қала шеттері де назардан тыс қалмайды.

1

Акцияны жүзге жуық адам қолдады. Онда еріктілер, қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер және қарапайым тұрғындарбар. Саябақты көгалдандыруға ата-аналар балаларымен бірге келген. Мұнда тұрғындардың өздері бақылайтын 20 "отбасылық" көшет пайда болды.

Акция барысында балаларға ағаштарды қалай дұрыс егу және күту керектігі үйретілді.

1

Сондай-ақ табиғатқа қамқорлық пен ұқыптылық танытуға шақырды.

– Біз барлық тұрғындарды қаламызды көгаллдандыруға шақырамыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше назар аударғым келеді. Сондықтан ата-аналарды балаларымен бірге ағаш егуге шақырдық. Ең бастысы – жасыл кеңістікке дұрыс күтім қажет. Біз мұны қадағалайтын боламыз, – деді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев.

1

Биыл Қарағанды облысында 130 мыңнан астам ағаш егілді. Оның ішінде мемлекеттік орман қоры аумағы 90 мың үйеңкі, қарағай, қарағаш көшеттерімен толықты.

1

Қалалар мен ауылдық елді мекендерде 40 мың ағаш егілді.

Сондай-ақ, "Таза Қазақстан" акциясы барысында өзендер мен көлдердің жағалаулары мен арналары ретке келтіріледі. Жыл басынан бері 125 су айдыны тазартылды.

Тегтер: қарағанды
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз