Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:39, 07 Мамыр 2024

Қарағандыда Бұқпа өзенінің жағасы қоқыстан тазартылды

1
Фото: из открытых источников

Қарағандылықтар "Таза Қазақстан" республикалық экоакциясына белсенді қатысып жатыр.

 Өткен сенбіліктерде олар 5 мың тоннадан астам қоқыс жинады. Мереке күні, 7 мамырда 100-ден астам адам Бұқпа өзенінің аумағын тазартуға кірісті.

1

Қатысушылар қатарында экологиялық қозғалыстың еріктілері, қала жастары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар.

Олар бірлесіп өзен арнасының бір бөлігін тазалап, 300 қап қоқыс жинады.

1

– Бүгін Бұқпа өзенін тазарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды, болашақта біз оны жалғастырамыз. Сондай-ақ, бір ай бойы жалғасатын "Таза Қазақстан" акциясы барысында 5000 тоннадан астам қоқыс жиналғанын атап өткім келеді. Сенбілікке қаланың 10 мыңға жуық тұрғыны қатысты, – деді Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары Ринат Қаржасбаев.

1

Экологиялық еріктілер қозғалысының жетекшісі Рахат Райымбеков қарағандылықтарды су ресурстарына ұқыпты қарауға, өзендер мен су айдындарын ластамауға шақырды.

– Таза су – біздің ортақ байлығымыз, оны қорғау қажет, – дейді Рахат Райымбеков. – Өзендер мен көлдерді таза ұстай отырып, біз адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасаймыз. Біздің әрқайсымыз қаланы осындай акцияларға қатысу арқылы қоқыссыз және таза ете аламыз. Қарағанды үшін таза тіршілік нәрі – "Мөлдір бұлақ" құрайық!

1

Естеріңізге сала кетейік, "Таза Қазақстан" экоакциясының бесінші аптасы "Мөлдір бұлақ" деп аталып, бұлақтарды, өзендер мен көлдердің жағалау аймақтарын тазартуға арналған.