Аймақ

Қарағандыда екі отбасының бір қабірге таласу ісі бойынша эксгумация қорытындысы шықты

Қарағанды облысында бір қабірге қатысты екі отбасы арасындағы дауға нүкте қойылды. Сот шешімімен жүргізілген эксгумация нәтижесінде қабірде құлпытасқа аты жазылған адамның жерленгені анықталды.

1


Дау жергілікті тұрғынның анасының қабірінің үстіне бөтен адамның ескерткіші мен қоршауы орнатылғанын байқағаннан кейін басталған. Іс сотқа жетіп, апелляциялық алқа мәйітті эксгумациялау туралы шешім шығарған.

Сараптама қорытындысы талапкердің күдігін растамады. Марқұмның жиені Нұрхан Майлыбаевтың айтуынша, қабір ашылған кезде олардың туысы емес екені белгілі болған. Соған қарамастан, мамандар ДНҚ сараптамасын жүргізуді жалғастырған.

Енді талапкер анасының нақты қай жерге жерленгенін анықтап, жауапкерлердің эксгумация мен сот шығындарын өтеуі тиіс. Сонымен қатар ол моральдық шығын өндіріп алу мәселесін қарастырып жатыр.

Еске салайық, Айгүл Жамиленова анасын 2024 жылдың қараша айында Бұқар жырау ауданындағы Құрылыс ауылының мұсылман зиратына жерлеген. Алайда кейін мазар тұрғызуға келгенде, қабір басында бөтен адамның аты-жөні жазылғанын көріп, сотқа жүгінген болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз