Аймақ

Қарағандыда Республика күні мемлекеттік ту көтерілді

Республика күні Қарағандыдағы Ту тұғырының алаңында мемлекеттік туды көтерудің салтанатты рәсімі өтті.

1

 Оған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, қоғам және мемлекет қайраткерлері, әскери қызметшілер, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары қатысты.

1

– Бүгін ту көтеру және әнұран орындау - біздің бірлігімізге, жерімізге, елімізге құрмет. Біздің болашағымыз біздің қолымызда екенін еске сала отырып, Қазақстан туы әрқашан биікте желбіресін! – деді аймақ басшысы.

1

Туды көтеру кезінде алаңға қатысқандардың барлығы елдің мемлекеттік әнұранын орындады.

Ту көтеру салтанаты Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында да өтті.

Тегтер: қарағанды
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз