Оқиғалар

Карантин режимін күшейтуге мәжбүрмін - Алматы облысының бас санитары (видео)

Алматыоблысында сауда үйлері жабылып, бұқаралық шаралар өткізуге қатаң тыйым салынды.

Карантин режимін күшейтуге мәжбүрмін - Алматы облысының бас санитары (видео)

Ал қоғамдық көліккүніне тек екі рет таңертең, кешке ғана жүреді, деп хабарлайды «Жетісу» телеарнасына. 

Өңірдің бас санитардәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің айтуынша, бұл амалсыз қолға алынған шара.Облыста коронавирус жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр. Сондықтантұрғындарға әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс құралдарын қолдану ұсынылды.

«Алматы облысында коронавирусжұқтырғандар саны 400 адамнан асты. Соңғы аптада өсім 4,5 пайызды құрады. Алкарантин талаптарын жеңілдету үшін бұл көрсеткіш 2,5 пайыз болуы керек.Азаматтар санитарлық нормаларды сақтамағандықтан, эпидемиологиялық жағдайнашарлап кетті. Мен облыстың бас санитары ретінде карантин режимін күшейтугемәжбүр боламын», — деді ол кеше брифингте.

Облыста карантинталаптарын бұзғандарға 5-500 АЕК (шамамен 13 мың теңгеден 1,3 млн теңгеаралығында — ред.) айыппұл салынады.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз