Саясат

Кәрім Мәсімов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшылығы жазасын жеке мекемеде өтейді

Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары, сондай-ақ ҰҚК-нің үш басқармасының экс-басшылары жеке түзеу мекемесінде болады.

Кәрім Мәсімов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшылығы жазасын жеке мекемеде өтейді

Бұл туралы Kazakhstan Today мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 94-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотталғандар – соттардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың тәртібін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалар соттылығының санына қарамастан, бөлек мекемелерде ұсталады", — деп хабарлады ҚР ІІМ.

Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларын, сондай-ақ ҰҚК экс-басшысының ағасы, Павлодар облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті Шығыс Қазақстан облысына ауыстыруға қатысты агенттік сауал жолдаған.

«Қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген жағдайларда (ҚК 88-бабының 4-бөлігі) сотталғандар жазасын одан әрі өтеу үшін аралас режимдегі мекемеге ауыстырылуы мүмкін», — деп жауап берген ІІМ.

Еске салайық, Алматы қалалық ҰҚК-нің экс-басшысы Нұрлан Мәжилов, Алматы облысы бойынша ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Сәбит Құрманаев және бұрынғы ҰҚК басшысы Аслан Рахимов қаңтарда өздеріне сеніп тапсырылған стратегиялық нысандарды тастап кеткені үшін сотталған болатын.  Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин қаңтар оқиғасын ұйымдастырны үшін сотталған. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз