Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:22, 10 Мамыр 2024

Қарқаралы ұлттық табиғи паркінде бірнеше бұлақ көзі тазартылды

1
Фото: из открытых источников

Қарқаралы ауданында "Мөлдір бұлақ" апталығы аясында бұлақтар мен мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында тазарту ұйымдастырылды.

300-ге жуық еріктілер, еңбек ұжымдары 180 тоннаға жуық қоқыс жинады.

1

Ауқымды сенбілікке жастар да, жергілікті ақсақалдар кеңесінің өкілдері де қатысты.

1

Ақсақал Әлиаскар Әбеуов тұрғындарды табиғатқа ұқыпты қарауға және акцияға белсенді қатысуға шақырды.

– Менің жасым 80-ге жақындар қалды, бірақ сенбіліктерден қалмаймын. Өйткені, тазалық, ең алдымен, бізге, осы ауданның тұрғындарына қажет. Егер әркім өзінен бастаса, акцияға белсенді қатысатын болса, біз жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламыз, – деп есептейді Әлиаскар Әбеуов.

1

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Қарқаралы ауданында сенбіліктерге барлығы 4 мыңға жуық адам қатысты.

Жалпы күш-жігерімен олар 2 мың тоннаға жуық қоқыс жинады, 14 рұқсат етілмеген полигондарды жойды, 257 гектар аумақты тазартты.