«Қарметтің» жаңа иесіне қатаң талап қойылады – Тоқаев
"Қарметтің" жаңа иесіне қатаң талап қойылады, бұл туралы мемлекет басшысы мәлімдеді, деп жазды Zhasalash.kz.
"Жақында менің тапсырмаммен Қарағанды металлургиялық комбинатын қазақстандық компания меншігіне беру мәселесі сәтті шешілді. Жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – үкіметтің ендігі міндеті. Содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады",- деді Тоқаев.
Бұған дейін үндістандық инвестордың меншігінде болған компания Allur компаниялар тобын басқаратын қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьевке берілген болатын. "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының жаңа атауы Қарағанды металлургия комбинаты болып өзгеріп, қысқаша "Қармет" деп аталмақ.