Без Категории

Кашмирде үнді және пәкістандық сарбаздар арасында атыс болған

Кашмирде үндістандық және пәкістандық сарбаздар бір-біріне оқ атқан. Оқиға 17 тамызда Кашмирдің Үндістан мен Пәкістанға тиесілі бөліктері арасындағы шекарада болған.

Кашмирде үнді және пәкістандық сарбаздар арасында атыс болған

Үндістан үкіметінің өкілі бұл оқиғаны "ауыр қақтығыс" деп атады. Бейресми мәлімет бойынша, атыс салдарынан үндістандық сарбаз қаза тапқан.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан бұл жанжалды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында талқылауды құптады. Отырысқа қатысқан АҚШ президенті Дональд Трамп Пәкістан мен Үндістан арасындағы шиеленісті доғару қажет деп мәлімдеді.

Өткен аптада Үндістан конституциясынан Кашмирдің өзіне тиесілі аймағының ерекше автономиялық мәртебесі туралы сөзді алып тастағаннан кейін Пәкістанмен арадағы қатынас ушығып кеткен.

Үндістан билігі Кашмирді автономия мәртебесінен айыру шешімін сепаратизм және экстремизмнің алдын алу деп түсіндіреді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі соңғы жарты ғасырда Кашмир мәселесін арнайы отырысында талқылады. Пәкістан премьер-министрі БҰҰ Кашмир халқының "қайғы-қасіретін" жоюға септесуі тиіс деп мәлімдеген. Үндістанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі аймақ мәртебесі — [өз елінің] ішкі мәселесі деп мәлімдеген. "Бізге қалай өмір сүруіміз керектігі жайлы әңгіме айтатын халықаралық арағайын қажет емес" деген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысынан кейін үнді дипломаты.

1949 жылы БҰҰ бұл аймақты Үндістан мен Пәкістанға бөліп берген, бірақ көрші екі ел арасында даулы аймаққа байланысты қақтығыстар болған.

Соңғы отыз жыл көлемінде Кашмирде Делидегі үкіметке қарсы бірнеше рет бүлік шыққан.

Қаңырап қалған Кашмир Қаңырап қалған Кашмир Фотогалерея

Қаңырап қалған Кашмир

Үндістан билігі Кашмир аймағын автономия мәртебесінен айырды. Кашмир мен Джамму штаттары Үндістанға тәуелді болса да, 70 жылдай өз конституциясы, өз заңы және өз билігі болған. Енді Кашмир аймағы бұл статустан айырылып, тікелей Делиге бағынады. <p />
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз