Сараптама

Қасым-Жомарт Тоқаев Есмұхан Обаевтың жақындарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Тоқаев

Президент жеделхатында мемлекет басшысы көрнекті өнер қайраткері, режиссер, сценарист, «Барыс» І дәрежелі және «Парасат» ордендерінің иегері Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтты.

«Есмұхан Несіпбайұлы сахна өнерінің хас шебері, жарқын шығармашылық тұлға ретінде бүкіл ғұмырын театр өнеріне адал қызмет етуге арнады. Ұлттық рухани құндылықтарды нығайту жолында еңбек етіп, қазақ драматургиясының қалыптасуына зор үлес қосты. Жауапты қызметтерде жүріп, отандық мәдениеттің өрісін кеңейтуге елеулі еңбек сіңірді», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, белгілі театр режиссері әрі педагог Есмұхан Обаевтың қайтыс болғаны 16 сәуірде белгілі болды.

Есмұхан Обаев 1941 жылғы 23 маусымда Алматы облысының Кеген ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын Асқар Тоқпановтың сыныбы бойынша тәмамдаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз