12:41, 10 Қыркүйек 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.
Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралайды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысады, делінген Ақорда хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары «KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шойын құю зауытымен танысудан басталды. Аталған кәсіпорын өңірдің индустриялық аймағында орналасқан.
Президент жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын өндіріс орнын аралап көрді. Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Гуртовой зауытта жылына 45 мың тонна шойын құймасы өндірілетінін айтты. Құны 78,2 миллиард теңге болатын жобаны іске асыру нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылған.