Қоғам

Қазақстанда қылмыс саны 9 пайызға төмендеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының қызметі туралы есеп тыңдады.

Сәденов

Министрдің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға азайған. Сонымен қатар негізгі санаттар бойынша құқықбұзушылық деңгейінің төмендеуі мен қылмыстардың ашылу көрсеткішінің артуы байқалған. Ержан Сәденов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларына ерекше назар аударылып отырғанын айтты.

Оның сөзінше, есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылып, соттан жасырынған 574 қылмыскер ұсталған. Олардың 89-ы шетел аумағынан анықталған. Кездесу барысында киберқылмысқа, есірткі айналымына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрестің нәтижелері де талқыланды. Министр қылмыстық топтардың қызметін тоқтату, азаматтардың қауіпсіздігін күшейту және халықаралық әріптестік аясындағы жұмыстың жалғасып жатқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз