Қоғам

Теміртауда жолаушылар автобусы ағашқа соғылып, жүргізуші қаза тапты

Теміртауда жолаушылар мінген автобус жол үстінде ағашқа соғылып, 64 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

жол апаты

Алдын ала мәлімет бойынша, қозғалыс кезінде жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 14 қараша күні сағат 10:30 шамасында болған. Yutong маркалы жолаушылар автобусы қозғалыс кезінде ағашқа барып соғылған.

Полицияның алдын ала дерегіне сүйенсек, жүргізуші рөлде келе жатқанда өзін жайсыз сезініп, кейін есінен айырылған. Соның салдарынан автобус басқарудан шығып, ағашқа соғылған. 64 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз