Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:17, 19 Маусым 2024

Қастандыққа ұшыраған журналист Айдос Садықовқа ота жасалды

Садықова
Фото: Наталья Садықованың парақшасынан

Украинада қастандыққа ұшыраған қазақстандық журналист Айдос Садықовқа ота жасалды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Натальямен сөйлестім. Айдос Садыковқа ота жасалыпты. Ол ауруханада жансақтау бөлімінде. Наталья полиция учаскесінде, деп жазды журналист Инга Иманбай.

Бұған дейін Украина Ұлттық полициясының баспасөз қызметі Киевте қазақстандық журналистің көлігіне белгісіз адам оқ жаудырғанын хабарлады.

Ал, Садықовтың әйелі Наталья Садықова тапа-тал түсте қастандық болғанын айтып, оған Қазақстан билігінің қатысы бар екенін жазған.

Айта кетейік, Айдос пен Наталья Садықовтар «BASE» YouTube арнасының негізін қалаушылар. Аталған арнада журналистер Қазақстан билігі мен олигархтарды сынға алады. 2023 жылдың қазан айында оған «өшпенділік тудырды» деген айыппен Қазақстанда іздеуге жарияланды.

Оның арнасындағы соңғы видео «Қазақстан президенті ресейлік ықпалды агенттердің қуыршағына айналды» деген тақырыппен жарияланған.