16:12, 16 Қазан 2023
Қайрат Боранбаев құны 1,4 млрд теңге болатын қонақ үйі мемлекетке қайтарылды
Қайрат Боранбаев құны 1,4 млрд теңге болатын қонақ үйді мемлекетке қайтарды
Кәсіпкер мемлекет меншігіне «Comfort Hotel Astana» кешенін өз еркімен қайтарды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Жыл сайын одан 900 миллион теңгеге жуық табыс түсетін қонақ үйдің ауданы 5 мың шаршы метрден асады.
Еске салайық, бұған дейін Боранбаев «Қаражанбас Северный» мұнай кен орнын мемлекет меншігіне өткізген еді. Есеп бойынша компанияның құны шамамен 35,4 млрд теңге. Сондай-ақ кәсіпкер мемлекетке жалпы бағасы 90 миллиард болатын ойын-сауық кешендерін, фитнес-сауықтыру орталықтары мен қызметтік үй-жайларды өз еркімен қайтарған.