Қайрат Боранбаевтың туысы сотталды
Қайрат Боранбаеватың туысы Әбілхан Боранбаев пен Дәурен Қазбекке қатысты үкім шықты.
19 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Әбілхан Боранбаевқа қатысты лауазымды тұлғаларға пара беру фактісі бойынша және Дәурен Қазбекке қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды zhasalash.kz.
Боранбаев лауазымды қызметтегі Қазбек және Ш.-ға 1,6 млн.теңгеден астам пара берген. Ш. тергеу кезінде қайтыс болуына байланысты іс тоқтатылды.
Қазбек пен Ш. бірігіп, Боранбаевтан пара алып, ол тергеу изоляторында жатқан кезде телефон қолдануға, туған күнінде алкогольді ішімдіктерді тұтынуға жол берген.
Прокурор Боранбаев 4 жыл 6 ай мерзімге, ал Қазбекке 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.
«Сот Боранбаевтың 4 баласы бар екенін, кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінгенін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсенді ықпал еткенін ескерді. ал Қазбектің үш баласы бар екені, кінәсін мойындағанын және шын жүректен өкінгені жеңілдететін мән-жай ретінде қаралды», – деп мәлімдеді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Сот үкімімен Боранбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Қазбекке қатысты мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.