Қаза тапқандар бар: Қытайда зауыт жарылды
Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы Байсе қаласындағы Пинго алюминий зауытында жарылыс болды
Пинго алюминий зауытында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төрт адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Оқиға 20 қазан күні кешкі сағат 21:20 шамасында болған. Жергілікті құтқарушылар өндірістік нысандағы жарылыстан кейін тұтанған өртті тез арада сөндірді.
Қазіргі уақытта 6 адамның аман қалғаны, оның 4-уі жеңіл жарақат алып, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда, тергеу жүріп жатыр.
Зауыт 2021 жылы жеке инвестиция есебінен салынған. Болжам бойынша, жарылыс жоғары температура контейнерінен болған, соның салдарынан зауыт жабдықтары қираған. Оқиғаның салдарынан кәсіпорынның жанында орналасқан үйлер де бүлініп, қираған.