Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:05, 13 Ақпан 2024

Kazakhstan Kagazy экс-басшысы Мақсат Әріпке іздеу жарияланды

Мақсат Әріп
Фото: из открытых источников

Kazakhstan Kagazy экс-басшысы Мақсат Әріптің қандай күдікке ілінгені белгілі болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz. 

Қаржы мониторингі агенттігі іздеуде жүрген Мақсат Әріпке қатысты істің егжей-тегжейін хабарлады. Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша "Қазақстан Қағазы" АҚ (Kazakhstan Kagazy) бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында М.Әріп күдікті деп танылып, іздестірілді. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Ол прокурордың рұқсатымен және егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, бұл мүмкін деп танылатын көлемде ғана жариялануы мүмкін", - делінген қаржы мониторингінің хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін Мақсат Әріпті іздестіру туралы ақпарат ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болған болатын.