09:51, 15 Наурыз 2024
«Қазақмыс» компаниясының бөлім басшысы ұсталды
14 наурыз күні «Қазақмыс» корпорациясының» бөлім басшысы ұсталғаны хабарланды.
Компанияның заң қызметі департаментінің Орталық аймақтық заң басқармасының келісім-шарт және талаптар бөлімінің басшысы Азат Жұмабаев бопсалау бабы бойынша күдікті деп танылған
«ҚР ҚК-нің 194-бабының 1-бөлігінде көзделген «Бопсалау» бабымен қылмыстық іс жасады деген күдікпен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Заң қызметтерін көрсету департаментінің Орталық аймақтық заң бөлімінің келісім-шарт және талап-арыздар бөлімінің басшысы Жұмабаев Азат Мақсұтұлы ұсталды», - делінген хабарламада.
Жұмабаевты 13 наурызда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ұстады. Қазір Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Фото: inbusiness.kz