Әлеумет

Қазақстан 2027 жылы Ресейден электр энергиясын импорттаудан толық бас тартуды жоспарлап отыр

Қазақстан 2027 жылға қарай Ресей Федерациясынан электр энергиясын импорттауды толық тоқтатуды көздеп отыр.

электр энергия

 Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

Министрлік дерегінше, көрші елге тәуелділік кезең-кезеңімен азайып келеді. Мәселен, 2024 жылы Ресейден импорт көлемі 2,1 млрд кВт·сағ болса, 2025 жылы ол 1,5 млрд кВт·сағ-қа дейін қысқарған. Ал биылғы жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1,2 млрд кВт·сағ деңгейінде болады деп болжанған.

Ведомствоның айтуынша, негізгі басымдық – ішкі электр энергиясын өндіруді дамыту. Өткен жылы отандық электр станциялары 117 млрд кВт·сағ-тан астам энергия өндірген, ал 2026 жылы бұл көрсеткіш одан әрі өседі.

«Біз атом электр станциясының салынуын күтпейміз. Биылдың өзінде Қызылордада жаңа жылу электр орталығы іске қосылады», – деді Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында.

Энергетика министрлігі жаңа қуат көздерін іске қосу ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, импорттан түбегейлі бас тартуға мүмкіндік береді деп есептейді. Болжам бойынша, 2027 жылы Қазақстан Ресейден электр энергиясын импорттау көрсеткішін нөлге дейін жеткізеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз