Әлеумет

Қазақстан ардагерлерді қолдаудан ТМД елдерінің арасында көш басында

Қазақстанда Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ауқымды әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр. Биыл мемлекет тарапынан біржолғы төлемдерге 3,3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Ардагер

Қолдау шаралары шамамен 32,9 мың адамды қамтиды. Олардың қатарында тыл еңбеккерлері, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, соғыс кезінде жарақат алып мүгедектікке ұшыраған азаматтар және өзге де санаттағы адамдар бар.

соғыс ардагерлері
Фото: FINANCEkaz

Ерекше назар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне аударылған. Қазіргі таңда елде 57 майдангер тұрады. Олардың әрқайсысына тұрғылықты өңіріне қарамастан 5 миллион теңгеден төленді.

Сарапшылардың бағалауынша, ардагерлерге көрсетілетін материалдық көмек көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында алдыңғы қатарда тұр.

Мәселен, 2026 жылы қазақстандық майдангерлерге берілген біржолғы төлем көлемі 5 миллион теңгеге жетсе, Өзбекстанда бұл көрсеткіш шамамен 1,1 миллион теңгені құрайтын 30 миллион сум деңгейінде белгіленген. Ал Беларусьта ардагерлерге 5 мың беларусь рублі көлемінде төлем қарастырылған. Ресейде федералдық деңгейде 10 мың рубль көлемінде төлем көзделген. Бұдан бөлек кейбір өңірлерде қосымша үстемақылар беріледі.

Мысалы, Мәскеу мен Мәскеу облысында төлем көлемі 70 мың рубльге дейін жетуі мүмкін. Соған қарамастан, жалпы қолдау көлемі Қазақстандағы көрсеткіштен айтарлықтай төмен.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тек қаржылай көмектен тұрмайды. Ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлігі мен еңбегін насихаттау – маңызды бағыттардың бірі. 

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз